Тоқаев 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтетінін айтты

0
2 339

Бұл бастама елдің демократиясы мен жергілікті басқаруға барынша септігін тигізеді деген үміттемін - Президент.


Тоқаев 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтетінін айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты, деп жазады baq.kz.

Қазір біз кенттер, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдіктерін тікелей сайлауға дайындап жатырмыз. Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан аралығында өтеді. Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Яғни, 800-ге жуық елді мекенді қамтитын сайлау науқаны өтеді. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болмақ. «Сайлау туралы» заңнамаға енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар пысықталды. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады.Содан кейін ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты нормативтік актілер қабылданады, - деді ол.

Тоқаев аудан әкімдерінің сайлауын 2024 жылы өткізуді ұсынды.

Аудан әкімдерінің сайлауы 2024 жылы өтеді деп ойлаймын. Бұл бастама елдің демократиясы мен жергілікті басқаруға барынша септігін тигізеді деген үміттемін. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарды оған дайындықты бастауға шақырамын, - деді ол.