Тоқаев Астана қаласының атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуді ұсынды

0
2 918


Тоқаев Астана қаласының атауын

ҚР Президентінің міндетін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ел Президенті бұл ұсынысын ҚР Парламентінің қос палатасы және ҚР Үкіметі мүшелері алдында сөйлеген сөзінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы суреттері мемлекеттік мекемелер мен түрлі атрибуттарда қалатынын жеткізді. Мұнан бөлек, еліміздегі облыс орталықтарында Елбасы Н.Назарбаевқа көше аттарын беруді ұсынды.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың ұсынысымен Н.Назарбаевқа Елордадан монумент тұрғызылып, ҚР Құрметті сенаторы атағын беріледі.