Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады

0
538

Бүгінгі іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған.


Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады

Бүгін, 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасында жазды.

"Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу" атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді.

Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ.

Жалпы ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйек айында елордада өтті.

Бүгінгі іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған.