Тоқаев қазақ тілін үйренуге талпынғандарды қолдауға шақырды

0
2 382

Президент латын әліпбиіне көшуді Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалады.


Тоқаев қазақ тілін үйренуге талпынғандарды қолдауға шақырды

ERNUR.KZ. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Президент қазақ тілін меңгеру біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам деп бағалады. Сондықтан тіл үйренуге талпынған отандастарымызды қолдауға шақырды.

«Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз», - деді Мемлекет басшысы.

Президент ана тілімізді дамыту жайындағы ойын латын графикасындағы қазақ әліпбиімен түйіндеп, латын қарпіне көшіп жатқанымыз Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалады.