Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады

0
910

Бүгін Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі - Көрісу күнін тойлап жатыр.


Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», - деп жазды Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі - Көрісу күнін тойлап жатыр.