Тоқаев Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаржы жұмсалғанын айтты

0
624

"Бұл дегеніміз жалпы ішкі өнімнің сегіз пайызы" деді Президент.


Тоқаев Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаржы жұмсалғанын айтты

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирус инфекциясымен күрес үшін бөлінген қаржының нақты соммасын жария етті, деп жазадыKAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті Ұлы Отан соғысындағы КСРО жеңісінің мейрамы жақындап келе жатқанына байланысты "Әлем басшылары Ұлы жеңіс жайында" атты жоба аясында ресейлік ТАСС басылымына сұхбат берді. Алайда, сұхбат барысында соғыс пен жеңіс тойлауына қатысты сұрақтардан бөлек, бүгінгі күні аса маңызды мәселелердің бірі коронавируспен күрес жағдайы да талқыланды.

Басылым тілшісі Қазақстан пандемияға қарсы қалай күресіп жатқаны мен халықты қауіпті вирустан қорғау үшін билік қандай шараларды қолданғанын сұрады. Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан қауіпті індетке қатысты теңдесі жоқ шараларды жүзеге асырған. Бүгінде коронавируспен күрес үшін 18 млрд доллар жұмсалған.

"Негізі біз қолданған шаралар үшін мемлекет бес жарым, шамамен алты триллион теңге бөлді. Бұл дегеніміз он алты миллиард доллар немесе жалпы ішкі өнімнің сегіз пайызы. Тағы қайталап айтамын, бұл шаралардың теңдесі жоқ" , - деді Тоқаев.

Президент мұндай әрекеттер салдарынан сынға тап болғанын мойындады. Алайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтардың денсаулығы басты мәртебе болып қалу керек деп есептейді.

"Сын айтылып жатса да, мен бұл әрекеттерді қажет болған соң істеймін. Кейбір азаматтарымыз ақшаны жан-жаққа шашып жатыр деп айтуда. Бірақ, меніңше, біз біріншіден азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігі үшін күресуіміз керек деп есептеймін. Себебі, халықсыз экономика болмайды" , - деді мемлекет басшысы.