Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

0
622

Бүгін Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп жатыр.


Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп жатыр.