Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысуы жайлы айтты

0
476

Президентке екі мерзім берілген.


Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысуы жайлы айтты

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы жайлы пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

"Сіз екі мерзім ғана президент қызметін атқаруыңыз мүмкін екенін айттыңыз. Олай болса, келесі сайлауға қатысатыныңыз анық қой? – деген сұраққа мемлекет басшысы былай деп жауап берді.

"Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Президентке екі мерзім берілген. Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы Жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтармын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба, оны айта алмаймын", – деп жауап берді мемлекет басшысы.

Еске салсақ, 29 қаңтарда "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны өзгертпейтініне уәде беріп, екі мерзімнен артық президент болмайтынын айтты.