Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

0
288

Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.


Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін. 1997 жылы – Бронды танк әскерлерінің Әскери академиясын. 2010 жылы – Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.