Тоқаев Қытай Ұлттық шай музейін аралады

0
756

Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.


Тоқаев Қытай Ұлттық шай музейін аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшелірктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.