Тоқаев Қытай журналисімен не туралы сөйлескен - Сұхбаттан үзінді жарияланды

0
538

Президент ағылшын тілінде сұхбат берді, бірақ кейде қытай тілін қолданды.


Тоқаев Қытай журналисімен не туралы сөйлескен - Сұхбаттан үзінді жарияланды

ERNUR.KZ. 12 мамырда президент Тоқаев қытай телеарнасына сұхбат берді. Ол CCTV қытай телеарнасының эфирінде көрсетілді, деп жазады Stan.kz.

Президент ағылшын тілінде сұхбат берді, бірақ кейде қытай тілін қолданды.

Мемлекет басшысының телерадиокешені Instagram парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады. Бұл жерде ол қытайша сөйлеген.

Үзіндіде журналист Тоқаевтан қытай асханасынан сүйікті тағамы қандай екенін сұрады.

Ол хуэйгожоу (сычуань тағамы, қуырылған ет), пекин үйрегі және данданмиан (сычуань стиліндегі ащы кеспе) тағамдарын ұнататынын айтып берді.

Сондай-ақ ел басшысы ащы тағамдар ұнайтынын мәлімдеді.

ҚХР-ға мемлекеттік сапар қарсаңында президент еліміздің Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективаларына қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап берді.

Осыған дейін ол Тайваньға қатысты ұстанымын айтқаны хабарланды.