Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты

0
529

Екі ел басшысы телефон арқылы сөйлесті.


Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне Бейрутте болған жарылысқа байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бүгін Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - дейді Президент Twitter желісіндегі парақшасында.