Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барады

0
365


Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады Zakon.kz.




Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.