Тоқаев: Пандемиядан кейін дамушы елдерге көмек көрсету керек

0
405

Коронавирустың таралуы бүкіл әлем елдерінің экономикасына кері әсерін тигізді.


Тоқаев: Пандемиядан кейін дамушы елдерге көмек көрсету керек

Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Халықаралық институттардың жұмысы әлсіреді. Бұл жағдайдан кейінгі сын-тәуекелдер де артып отыр. Сол себепті халықаралық ынтымақтастықты дамытуымыз керек. Қазір дамыған елдер дамушы елдерге көмек көрсетуі керек. Қызмет көрсету, коммуникация, инфрақұрылымдық салалар айтарлықтай зардап шекті. Бұл жаһандық инфляцияны үдете түсті. Қазір азық-түлік тапшылығы туындап отыр», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, сандық коммуникациялар, интернет, әлеуметтік желілер әлемнің барлық аймақтарындағы адамдар арасындағы шекараларды жойып, орасан зор рөл атқарады.

«Қазір цифрлық дәуірде өмір сүріп жатқанымызды ескере отырып, гуманистік идеялар мен рухани құндылықтарды жүйелі түрде насихаттау қажет. Біз жаңа технологиялардың адам өмірін қалай түбегейлі өзгертетінін көріп отырмыз. Пандемия бұл процестерді жеделдетті. Цифрлық коммуникациялар, интернет, әлеуметтік желілер әлемнің барлық аймақтарындағы адамдар арасындағы шекараны жойып, орасан зор рөл атқарады», - деді Мемлекет басшы.