Тоқаев президенттіктің 7 жылдық мерзімін не үшін енгізгенін ашық айтты

0
310

​Мемлекет басшысы ұлт мүддесін қорғайтын азаматтарға жол ашу қажет екенін ерекше атап өтті.


Тоқаев президенттіктің 7 жылдық мерзімін не үшін енгізгенін ашық айтты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президентті бір рет және 7 жылға сайлау тетігін не үшін енгізгенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында президент алдағы сайлаудың негізгі ерекшелігіне тоқталды.
"Тағы бір бастама – президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашу қажет екенін ерекше атап өтті.
"Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.