Тоқаев Путиннің Қазақстанға сапарын тарихи деп атады

0
335

Қазақстан мен Ресей президенттері шағын форматта келіссөздер жүргізді.


Тоқаев Путиннің Қазақстанға сапарын тарихи деп атады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге жылы лебізін білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан мен Ресей президенттері шағын форматта келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшысы Ресей басшысы Владимир Путиннің сапарын тарихи деп атады.

"Құрметті Владимир Владимирович, сіз және Астанадағы Ресей делегациясының барлық мүшесі тағы да шын жүректен қош келдіңіздер. Қазақстанға ресми сапарыңызды ешқандай асыра сілтеусіз тарихи деп атауға болады. Бұл Ресеймен стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін белгілейді. Жаңа ғана ынтымақтастығымыздың барлық мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді, бірлескен жұмыстың толық өзара түсіністігіне қолжеткізілді. Жұмыс көп, дегенмен, менің түсінігімше, сындарлы болуға бел будық және бұл жұмыстың нәтижесі бұрынғыдай оң болатынына күмән жоқ. Бұған дейін үкіметтер деңгейінде немесе мемлекет басшыларының неғұрлым жоғары деңгейінде жедел шешуді талап ететін мәселелер болған және олар сөзсіз шешім тапты", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент 2013 жылы Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған "ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы" шартты еске салды.

"Бұл маңызды оқиға, сіздің сапарыңызды айтамын, ХХІ ғасырда тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жыл қарсаңында өтіп жатыр, оған 2013 жылдың 11 қарашасында қол қойылғанын еске саламын. Бұл көзқарасымыз бойынша іргелі құжат, және оған енгізілген қарым-қатынастардың ұзақ мерзімді қағидаттары белсенді түрде іске асырылатын іс-қимылдардың нақты бағдарламасына айналды", - деп атап өтті Президент.