Тоқаев Ресей марапатынан бас тартты

0
707

Таяуда Бішкекке ресми сапар барысында қырғыздың жоғары бірінші дәрежелі "Манас" орденінен де бас тартқан еді.


Тоқаев Ресей марапатынан бас тартты

ERNUR.KZ. Ресейге арнайы барған Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин ұсынған орденнен бас тартты. Мемлекет басшысына көрші ел марапаттау туралы ұсыныс жасаған, деп жазады exk.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Александр Невский" орденінен бас тартты.
Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің сыйлығынан бас тартты. Ресей тарапы Қазақстан басшысына сыйлықты тапсыру туралы ұсыныс жасаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған сыйлықты алмау тұралы өзінің себебін айтқан. Ол өзінің президенттік өкілеттігілігі аяқталғанша мемлекеттік немесе шетелдік марапаттарды қабылдамау туралы шешім қабылдағанын алға тартқан.
Таяуда Бішкекке ресми сапар барысында қырғыздың жоғары бірінші дәрежелі "Манас" орденінен де бас тартқан еді.
"Александр Невский" ордені ТМД елдерінің көптеген басшыларына берілген. Олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сынды тұлғалар бар.