Тоқаев сайлаудан кейінгі алғашқы сапарын Ресейден бастауының маңызын түсіндірді

0
328

Мемлекет басшысы Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысында бейнеконференция форматында қатысты.


Тоқаев сайлаудан кейінгі алғашқы сапарын Ресейден бастауының маңызын түсіндірді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясындағы сапарының маңызына тоқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әуелі Президент лауазымына қайта сайлануыммен жеке құттықтауыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Аталған оқиғадан кейінгі ең бірінші шетелдік сапарым Ресей Федерациясына жасалып отыр. Оның өзінің терең саяси мәні бар және бұл сапарымда белгілі бір символдық мән бар», - деді Президент Қазақстан-Ресей келіссөзінде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, екі арадағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр.

«Биыл біз дипломатиялық қарым-қатынасымыздың орнағанына 30 жыл толғанын атап өттік. Бүгін осынау тарихи датаға арналған декларацияға қол қоямыз. Қазақстан үшін Ресей Федерациясы негізгі стратегиялық әріптес болған және бола да береді. Бізді түрлі саладағы тамыры терең өзара қарым-қатынас байланыстырып жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, келіссөз алдында Мемлекет басшысы Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысында бейнеконференция форматында қатысты.