Тоқаев Санкт-Петербургке барды

0
372

Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.


Тоқаев Санкт-Петербургке барды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды, деп жазады sputnik.kz.

17 маусымда түске дейін мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.
"Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады", - деп хабарлады БОРТ 1 Telegram каналы.
Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.