Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

0
485

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.


Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялап, бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді, деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетсек, Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев мектептің даладағы дәретханасында 12 жастағы оқушыны зорлау ісіне байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыстан босатылған болатын.