Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды

0
470

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы мемлекет үшін қауіпті үрдіс екенін айтқан болатын.


Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шараларын, әсіресе қызмет көрсету саласында, шектеу қаншалықты ұтымды, олар қаншалықты нәтижелі? Үкіметке айтарым, бұны қайта қарау керек. Бұл жағдайда ШОБ-ты тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасау не керек?", - деді Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы бизнес өкілдерімен кездесуде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы мемлекет үшін қауіпті үрдіс екенін айтқан болатын.