Тоқаев шетелге шығарылған қаражатты қайтару жоспарын дайындауға екі ай уақыт берді

0
487

Тапсырма Үкіметке берілді.


Тоқаев шетелге шығарылған қаражатты қайтару жоспарын дайындауға екі ай уақыт берді

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметіне екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз шығарылған қаражатты қайтару бойынша ұсыныс беруді тапсырды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Үкіметке екі ай мерзімде шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру тапсырылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау әдістемесін әзірлеуді тапсырды.