Тоқаев Си Цзиньпинді "Алтын Қыран" орденімен наградтады

0
505


Тоқаев Си Цзиньпинді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен наградтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси және экономикалық қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Алтын Қыран» орденімен наградталсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген ресми құжатта.