Тоқаев тағы бір мораторий жариялауы мүмкін

0
891

Жаңа мораторийдің қандай мемлекеттік қызметшілерге қатысы болмайтыны туралы жарлық жобасында жазылған.


Тоқаев тағы бір мораторий жариялауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті "Б" корпусының мемлекеттік лауазымдарына жұмысқа орналасуға мораторий жариялауы мүмкін, деп жазады sputniknews.kz.

Жарлықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурстарды жариялауға 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мораторий енгізілсін", - делінген құжатта.
Еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік қызметшілердің штат санын 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 пайызға қысқарту ұсынылып отыр.
Құжат 27 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.
Мораторийдің кімдерге қатысы жоқ
Мораторийдің жаңадан құрылатын және/немесе қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарға қатысы болмайды деп болжанып отыр.
Мына мемлекеттік органдарда штат саны қысқартылмайды:
адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;
ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары;
жоғары сот кеңесі;
конституциялық кеңес;
қорғаныс министрлігі;
парламент палаталарының аппараттары;
президент әкімшілігі;
президенттің іс басқармасы;
премьер-министрдің кеңсесі;
тұңғыш президент – Елбасының кеңсесі;
тұңғыш президенттің мұрағаты;
орталық сайлау комиссиясы.
Жарияланған мораторийлер
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған болатын.

Сондай-ақ мемлекет басшысы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізуді тапсырды.