Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

0
521

8 ақпан күні Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5 434-ке жеткенін айтты.


Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

8 ақпан күні Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5 434-ке жеткенін айтты.