Тоқаев Украинадан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырған дипломаттарды наградтады

0
485


Тоқаев Украинадан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырған дипломаттарды наградтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырған дипломаттарды наградтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Украинадан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырған мына азаматар наградталды:

  • Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Калетаев Дархан Аманұлы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен;
  • Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі Қызыр Думан Манарбекұлы І дәрежелі "Айбын" орденімен;
  • Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі Қаражанова Макка Сағынғалиқызы, Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы Маслюк Галина Дмитриевна ІІ дәрежелі "Достық" орденімен;
  • Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған) Әлібеков Аслан Аманжолұлы "Құрмет" орденімен;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы, Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшілігінің консулы Кагенов Азамат Мағжанұлы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің екінші хатшысы – консулы Маманов Дархан Серікұлы, Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы - консулы Сәбитұлы Бекзат;
  • "Шапағат" медалімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары Амангелдин Руслан Берекеұлы, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі консулының көмекшісі Денисенко Анна Владимировна, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің екінші хатшысы Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы, Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы.