Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын мәлімдеді

0
819

Президент зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат берудегі басты мақсат халықты "шынайы" жалақысын ашық көрсетуге ынталандыру екенін атап өтті.


Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы салымдарын баспана алуға, өзге қажеттіліктерге пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Біздің мақсатымыз барлық жинақты таратып, қартайған шағында азаматтарды зейнетақыдан айыру емес. Ең алдымен, халықты "шынайы" жалақысын ашық көрсетуге ынталандыру керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі жеке парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы зейнетақы жинағын баспана алуға, емделуге пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын. Осыдан кейін үкімет жанынан жұмыс тобы құрылып, зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ұсыныстар әзірледі. Есеп-қисап жасалды. Әрбір қазақстандықтың есепшотында қанша ақша бары, азаматтардың орташа өмір сүру жасы, бұған қоса, зейнетке шыққаннан кейін ол адамның шамамен қанша жыл өмір сүретіні ескерілген.
"Біз қажетті есеп-қисапты жасап шықтық. Қазақстандықтар зейнетке шыққаннан кейін шамамен 19-25 жыл өмір сүреді. Сондықтан біз әрбір адамның есепшотындағы қаржы зейнет жасына жете ме, жоқ па, осыны ескеруіміз керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезде салымшылардың жартысының жинақ сомасы 1 миллион теңгеге жетпейді. Ал қажетті сома, шамамен, 10-12 миллион теңге болуы тиіс. Ондай азаматтардың саны – 102 мың адам", - деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.