Тоқаевтың алдағы аптада АҚШ-қа неге баратыны белгілі болды

0
102

Президенттің баспасөз хатшысының хабарлуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы пікірсайысында баяндама жасайды.


Тоқаевтың алдағы аптада АҚШ-қа неге баратыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 23-25 қыркүйекте Нью-Йорк қаласына барады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысады", - деп жазды Уәли.

Баспасөз хатшысының сөзіне сүйенсек, Бас Ассамблеяның жұмысына 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет басшысы, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса үкімет және сыртқы саясат ведомствосы жетекшілері қатысады. Осы маңыды шараның аясында 630 түрлі кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.

"Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысында баяндама жасайды. Биыл аталған пікірсайыс "Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру" тақырыбында өтеді. Сондай-ақ, президент тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді", - дейді Берік Уәли.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес және трансұлттық компания өкілдерімен, АҚШ-тың саяси және сарапшы топ мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

Баспасөз хатшысының айтуынша, президенттің БҰҰ БА-ның жоғары деңгейдегі жиынына қатысуы Қазақстанның бірқатар сыртқы саяси бастамасын ілгерілетуге бағытталған. Атап айтқанда, қарусыздандыру және оны таратпау, бітімгершілік, терроризмге қарсы әрекет ету ұстанымдары талқыланады.

Сонымен бірге кең ауқымды халықаралық аудиторияның назарына тұрақты даму, азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және білім беру жүйесімен жаппай қамту, қоршаған ортаның азып-тозуы сынды жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты Қазақстанның көзқарасы ұсынылады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет