ТОКИО-2020: Милад Карими спорттық гимнастикадан көпсайысты аяқтады

0
450

Еркін жаттығу бойынша финалдық кезең 1 тамызда, гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша ақтық сын 3 тамызда өтеді.


ТОКИО-2020: Милад Карими спорттық гимнастикадан көпсайысты аяқтады

ERNUR.KZ. Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Токио Олимпиадасындағы көпсайыс финалында бақ сынады, деп жазады olympic.kz.

Карими іріктеу қорытындысы бойыншы үш финалдық сынға жолдама алды. Атап айтар болсақ, қазақстандық гимнаст көпсайыс, еркін жаттығу және гиимнастикалық кермедегі жаттығудан ақтық сынға өткен болатын.

Милад көпсайыстағы алғашқы жаттығуды шығыршықта орындап, 12. 866 ұпай жинады. Кейін қол тіреп секіруден 14.066, қоссырықтағы жаттығудан 13.966 ұпай еншіледі.

Гимнастикалық кермедегі жаттығудан 13.333 ұпай еншілесе, еркін жаттығудан 15.055 ұпайға қол жеткізді. Бұл осы жаттығу бойынша барлық финалистер арасындағы жоғары нәтиже екенін айта кеткен жөн.

Милад гимнастикалық ат снарядындағы жаттығуы үшін 13.266 ұпай, жалпы есебі 82.530 ұпай жинап, қорытынды есепте 14-ші орын алды.

Көпсайыстағы алтын жүлдені жапониялық Даики Хашимито (88.465) еншіледі. Күміс медаль қытайлық Руотен Сяоның (88.065), қола медаль ресейлік Никита Нагорныйдың (88.031) еншісінде.

Айта кетелік, еркін жаттығу бойынша финалдық кезең 1 тамызда, гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша ақтық сын 3 тамызда өтеді.