Тоқмәди "Тәтішевтің қазасы" ісі бойынша 10 жыл 6 айға сотталды

0
1 027

​Жамбыл облысының мамандандырылған қылмыстық істер бойынша сотында "ТұранӘлем банктің" басшысы Ержан Тәтішевтің қазасы бойынша өтіп жатқан сотта бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге үкім оқылды,- деп хабарайды Азаттық Радиосы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Тоқмәди

Жамбыл облысының мамандандырылған қылмыстық істер бойынша сотында "ТұранӘлем банктің" басшысы Ержан Тәтішевтің қазасы бойынша өтіп жатқан сотта бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге үкім оқылды,- деп хабарайды Азаттық Радиосы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Судья Азамат Тілепов Мұратхан Тоқмәдиді Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыптап, 10 жыл алты айға соттады. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, судья Тоқмәдиге жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кескен. Сот үкіміне 15 күн ішінде шағымдануға болады.

Бұған дейін прокурор Тоқмәдиді "кісі өлтіру" бабы бойынша айыпты деп танып, 11,5 жылға соттауды, бұған дейін кесілген жазаны қосып, барлығы 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған еді.

Ал Тоқмәдидің адвокаты оның қылмысты "өз өмірі мен жақын туыстарының өмірі үшін қауіптенгеннен" жасағанын, "кінәсін мойындап, тергеуге болысқанын" айтып, жазасын барынша жеңілдетуді сұраған.

Тоқмәди тағылған айыптармен "келісетінін", "кәмелетке толмаған балалары барын ескеруді және процессуалдық келісім жасасқанын" айтып, жеңіл жаза тағайындауды өтінген.