Тоқтар Әубәкіров болашақ ғарышкерлермен кездесті – видео

0
1 205

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті


Тоқтар Әубәкіров болашақ ғарышкерлермен кездесті – видео

ERNUR.KZ. Елордада "Кітапқа жазылмаған тарих: ғарышқа жол" тақырыбында жас сарбаздарға ерлік сабағы өткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Шараға ғарышкерлер күні қарсаңында Қазақстанның тұңғыш ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров қатысты.

"Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесуде Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапары, бала күніндегі арманы, әскери қызметі жайлы айтып берді.
"Түсімде ұшып жүргенімді көремін. Бір кезде ұшақпен, бірде өзім ұшып жүрмін. Содан "Мен ұштым" деп бақытты болып оянамын", - деді ғарышкер кездесуде.
Кездесу бейресми, еркін форматта өтті. Тоқтар Әубәкіров бір сағаттай жастарға қызық оқиғаларды баяндап, сұрақтарына жауап берді.
Оқушылар Тоқтар Әубәкіровке "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының ресми киімін сыйлады.
Айта кетері, Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2 қазанында ғарышқа старт кезіндегі экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге "Союз ТМ-13" кемесімен ұшты. Бір апта бойы "Мир" орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді.