Толғатып жатқан әйелін видеоға түсірген блогер сынға қалды (видео)

0
863

Ахон Бержан әйелі толғатып жатқанын ашық көрсеткен.


Толғатып жатқан әйелін видеоға түсірген блогер сынға қалды (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық танымал блогер Ахон Бержан әйелінің толғатқан видеосын жариялады. Ай-күні жетіп босанайын деп жатқан жары қатты қиналып жатыр, деп жазады exk.kz.

Танымал блогердің перзентханада түсірген видеосы Instagram желісінде пайда болды. Онда Ахон Бержан әйелі толғатып жатқанын ашық көрсетеді. Ол осы арқылы жан жарының қиналған сәтте қасында болғысы келгенін меңзеген секілді.


Алайда желі қолданушылары арасында блогердің бұл әрекеті қатты сынға ұшырап жатыр.

Олар: "Адамнан адам шығу оңай емес, түсіргені ұят болыпты", "Ұят деген мүлдем жоқ екен", "Мұндай видеоны ұялмай қалай салды" — десе, келесілері "Бауы берік болсын", "Құтты болсын" — деп пікірлер қалдырған.