Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеуде Дағыстанның экс-премьерінің ұлының ісі қайта қаралады

0
561

Өткен жазда Никулинск сотының алқабилері Муртузали Меджидовты ақтап, бірақ Мәскеу қалалық соты үкімді бұзып, істі қайта қарауға жіберген.


Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеуде Дағыстанның экс-премьерінің ұлының ісі қайта қаралады

ERNUR.KZ. Мәскеудің Измайловский соты сәрсенбі күні Дағыстанның бұрынғы экс-премьері Мұхтар Меджидов Муртузалидің ұлының ісін қарайды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Меджидов Муртузали Мұхтарұлының ісі бойынша алдын ала тыңдау 9 ақпан күні сағат 11.00-ге белгіленді", - делінген хабарламада.

Сот Бас прокуратура Никулинск сотының объективтілігі мен бейтараптығына күмән тудыруы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлады. Бірақ нақты не екенін айтпады.

Өткен жазда Никулинск сотының алқабилері Муртузали Меджидовты ақтап, бірақ Мәскеу қалалық соты үкімді бұзып, істі қайта қарауға жіберген. Меджидов ақталғанға дейін қамауда болды, сот шешімі шыққан күні ол босатылды.

Марқұмның туыстары күдіктіден 30 миллион рубль өтемақы өндіріп алмақ болған, бірақ сот олардың азаматтық талаптарын қанағаттандырмады.