Топ болып төбелескен қазақ қыздары жаға ұстатты (ВИДЕО)

0
7 056

Бір-бірін былапыт сөздермен балағаттаған қыздар аянып қалып жатқан жоқ.


Топ болып төбелескен қазақ қыздары жаға ұстатты (ВИДЕО)

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Әлеуметтік желілердің бірінде бір-бірін аямай төпелеп, жатқан қазақ қыздарының төбелесі жазылған бейнежазба қолданушыларды шошытты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Видеоны парақшасына салған автордың жазбасы бойынша, оқиға Талдықорғанда орын алған болуы мүмкін.

Неше түрлі боқауыз сөздермен бір-бірін төпелеп, тепкілеп жатқан қыздарды видеоға түсіріп алған жігіттер ажыратқан секілді.

Ескерту! Бейнежазбада балағат сөздер айтылады


Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, біразы төбелесті видеоға түсіріп тұрған жігіттерді сөгіп тастады.

"Ең бастысы, мына видеоны түсіріп тұрған оңбағанға айтар едім, мен, нағыз тексіз, арсыз адам екенсің" десе, енді бір жағы қазақ қыздарының бұл ісін масқараға балап, тексіздікке теліді.

"Құдай-ай, қазағымның қыздары-ай, болашақ ана емессіңдер ме? Тексіздер-ай.. Алла сана берсін, бермесе ала берсін деген ғой" деген сынды пікірлер қалдырған.