Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

0
318

7 шілде күні филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті болады деп жоспарланған.


Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Бұл ақпаратты Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының баспасөз қызметі растады, деп жазады ulysmedia.kz.

Филармония мәліметінше, 7 шілде күні филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті болады деп жоспарланған.

"22 маусым күні іс-шараны ұйымдастырушы концерттің болмайтынын хабарлады. Бұл концерт біздің залда өтпейді деген сөз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алматыда есірткіге мас күйде ұсталған болатын. Кейінірек Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда әншінің адвокаттары өз клиенттерінің құқығы бұзылғанын айтып, наркологиялық сараптаманың қорытындысымен келіспейтіндерін мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның үстінен қылмыстық кодекстің 308-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша іс қозғалды.