Төрт баласы бар әйел төртінші мәрте аналық құқығынан айырылды

0
478

Семейлік әйелдің осы жылдың сәуірінде өмірге келген кенже қызынан сифилис дерті анықталған


Төрт баласы бар әйел төртінші мәрте аналық құқығынан айырылды

ERNUR.KZ. Семейде ішімдікке салынған 37 жастағы әйел төртінші рет аналық құқығынан айырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әйелдің төрт баласы да қазіргі таңда жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Оның 2007 жылы туған үлкен ұлына жуырда ота жасалды. Ал осы жылдың сәуірінде өмірге келген кенже қызынан сифилис дерті анықталған. Олардың анасы ішімдікке салынып кетуіне байланысты 2016 жылдан бері наркодиспансерде есепте тұр.

Жасөспірімдер ісі бойынша №2 ауданаралық мамандандырылған сотының мәліметіне сай, жыл басынан бері 38 қылмыстық және 230 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 71 адам ата-ана құқығынан айырылған.

Одан бөлек, ажырасқан ерлі-зайыптылардың балаларымен кездесуіне қатысты да мәселе аз емес. Көп жағдайда ажырасқан жұптар бір-бірінен балаларын алшақ ұстап, жүздесуіне кедергі жасайды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет