Төрт қант зауытының қызметінде заң бұзушылықтар анықталды – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

0
439

Агенттік мәліметіне сәйкес, қант нарықтық тауарлар тізіміне енеді.


Төрт қант зауытының қызметінде заң бұзушылықтар анықталды – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Тараз қант зауыты" ЖШС тарапынан нарықтағы үстем жағдайын асыра пайдалану белгілерінің анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Агенттік мәліметіне сәйкес, қант нарықтық тауарлар тізіміне енеді. Егер жеткізілетін қант мөлшері 60 тоннадан көп болса, тек тауар нарығы арқылы ғана сатылады.
"Сараптама кезінде "Тараз қант зауыты" ЖШС өнімді тауар нарығы арқылы сатуды 2022 жылдың мамырында бастағаны анықталды. Қаңтар мен мамыр аралығында зауыт қантты тауар нарығын тыс сатқан. Дәл осылай қантты "Мерке қант" ЖШС, "Ақсу қант" ЖШС, "Көксу қант зауыты" ЖШС тауар нарығынан тыс сатқаны белгілі болды. Осыған байланысты барлық қант өндіруші 4 щауытта әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар", – делінген хабарламада.

Агенттік қант зауыттарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 268-бабы, 3-бөлігі "Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу" бойынша іс қозғау туралы материалдарды Сауда және интеграция министрлігіне жіберген.