Төрт облыс пен Астанада дабылды ескерту жарияланды

0
1 011

​29 наурызда бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды,- деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Төрт облыс пен Астанада дабылды ескерту жарияланды

29 наурызда бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды,- деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"29 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысында кей жерлерде тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады, көктайғақ, тұман түседі", — деп ескертеді метеорологтар.

29-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай ойнайды.

29 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.

Тараз қаласында 29 наурызда оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады, кей уақытта күші 23-28 м/с-қа жетеді.

Астана қаласында 29 наурызда көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с.жел соғады деп болжанып отыр.