Төтенше жағдай кезінде ең көп қолданылған мобильді қосымшалар анықталды

0
531

Қаңтар оқиғасына кезінде интернет әлсіз жұмыс істеді.


Төтенше жағдай кезінде ең көп қолданылған мобильді қосымшалар анықталды

ERNUR.KZ. Finprom.kz сайты 11 қаңтарға дейін сұранысқа ие болған ТОП-5 қосымшаны анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Олар:

- * "Secure VPN – қауіпсіз, жылдам";

- * "Thunder VPN: жылдамырақ VPN";

- * "VPN прокси шебері - жылдамырақ Vpn";

• "Video Downloader, Download Video";

• "X-VPN – Private Browser VPN".

Тұрғындар бұл жүйелерді әлеуметтік желілерге кіруге, бұғаттауды айналып өтіп, мессенджерлерді қолдануға пайдаланды. Ал интернет қалыпты жұмыс істеп, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін алдыңғы қатардағы қосымшалар мүлде өзгерді. Мәселен, 21 қаңтардағы жағдай бойынша ТОП-5 қосымшаларға мыналар кірді:

- * ZOOM Cloud Meetings ("бизнес" санатында);

- * MOON – Current Moon Phase ("ауа райы");

- * Telegram;

- * ҚР электрондық үкіметінің eGov mobile қосымшасы;

- * Triple A ("ойын-сауық").