Төтенше жағдай кезінде кімдер "аренда" төлемейді

0
875

Бұған дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтары мен бюджетке төленетін міндетті төлемдері, әлеуметтік жарналар 1 маусымға дейін шегерілген болатын.


Төтенше жағдай кезінде кімдер

ERNUR.KZ. Қазақстанда төтенше жағдай режиміне байланысты шағын және орта бизнес субъектілері меншікті жалға алу ақысын төлеуден уақытша босатылды. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Осы жылдың 20 наурызынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері меншікті жалға алу ақысынан уақытша босатылды. Бірінші кезекте, бұл үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік секторларға тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты", - деді Мәдиев онлайн брифингте.
Айтуынша, коммерциялық нысандар бойынша мәселе жергілікті деңгейде пысықталып жатыр.
Бұған дейін ШОБ еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден 6 айға, осы жылдың 1 қазанына дейін босатылғаны хабарланған еді.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтары мен бюджетке төленетін міндетті төлемдері, әлеуметтік жарналар 1 маусымға дейін шегерілді.
Төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер мен салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды.
Ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілері жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды.
Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығын төлемейді.