Төтенше жағдай режимін бұзған Екібастұз тұрғыны 8 жылға жүргізуші құқығынан айырылды

0
799

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Төтенше жағдай режимін бұзған Екібастұз тұрғыны 8 жылға жүргізуші құқығынан айырылды

ERNUR.KZ. Екібастұз қаласының тұрғыны карантин режимін бұза тұра, медициналық куәландырудан өтуге бас тартқаны үшін сегіз жылға жүргізуші құқығынан айырылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Карантиндік аумақты, көшеде патрульдеу кезінде Әуезов көшесі бойынша Екібастұз қалалық полиция бөлімшесі қызметкерлері "Фольксваген" көлігін басқарған 28 жастағы жүргізушіні ұстаған.

Ер адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 476-баптың 9-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ескерту жасалды.

"Сот құқықбұзушыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, сегіз жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды. Көлік Екібастұздағы мамандандырылған автотұраққа қойылды. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары режимді бұзудың және төтенше жағдай жариялауға байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптардың орындалмауының 1099 фактісін анықтады", - дейді полицейлер.