Тойда үнді әнін жанды дауыста шырқаған қарттар елді сүйсінтті (видео)

0
3 364

ERNUR.KZ Тойда ерсі биімен немесе асабаның адам ойына кіріп шықпайтын анайы ойындарымен әп-әтте «жұлдыз» боп шыға келетіндер міндетті түрде көруі тиіс видео.


Тойда үнді әнін жанды дауыста шырқаған қарттар елді сүйсінтті (видео)

ERNUR.KZ Тойда ерсі биімен немесе асабаның адам ойына кіріп шықпайтын анайы ойындарымен әп-әтте «жұлдыз» боп шыға келетіндер міндетті түрде көруі тиіс видео.

Қос қарт ешқандай бимен де, ойынмен де емес, табиғи талантымен көпшілікті тәнті етті. Тойлардың бірінде ортаға шыққан ақ жаулықты әже мен ақсақал жанды дауыста үнді әнін шырқап, елді есінен «тандырды». Табиғи талантымен нақышына келтіре отырып шырқалған әнді құдды бір үнді әртістері орындап жатыр екен деген ойда қаласыз. Өнерлі қарттардың ән шырқап тұрған сәтін тойға келген қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған. Ол желіде "Жанды дауыста" деген атаумен тез тарап, әжей мен қарияның өнерін тамашалағандар қос қартқа ұзақ ғұмыр тілеп, өнерлеріне тәнті болды.

«Қандай керемет!», «Дауыстары қандай күшті», «Әже мен атаның өнеріне құрмет», «Міне, осындай қарияларымыз азаймасыншы», «Апа мен қарияның ұрпақтары шеттерінен өнерлі шығар», «Алла ғұмырларыңызды ұзақ етсін», «Міне, секеңдеп билегендерге өнеге боларлық іс екен» деп пікірлерін қалдырған желідегілер бұл тойдың еліміздің қай өңірінде болғанын білмей дал болды. Бірі Талдықорған жақта десе, келесі бірі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында болған деген болжам жасады. Ал енді бірі бұл той Моңғолия қазақтарының қуанышты думаны деген пікір қалдырды.

Видео: желіден алынды