Түрмеден шыққандарды еңбекпен қамтуы тиіс мекеме 3 миллиардтан астам теңгені жымқырған

0
1 226

Соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысындағы филиалдардың 5 басшысы сотталды.


Түрмеден шыққандарды еңбекпен қамтуы тиіс мекеме 3 миллиардтан астам теңгені жымқырған

Прокурорлық тексерулер нәтижесінде сотталғандарды еңбекпен қамту және материалдық-техникалық қолдауын көрсетуге тартылған «Еңбек» мекемесінің қызметінде мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтың жүйелі түрде бұзылуы, лауазымды асыра пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас Прокуратурасына сілтеме жасап.

Еңбекпен қамту үшін құрылған кәсіпорын іс жүзінде жеке пайда табудың көзіне айналған. Нәтижесінде мемлекетке 3 млрдтан астам теңге көлемінде залал келтірілді, 32 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысындағы филиалдардың 5 басшысы сотталды.

Биыл «Еңбек-Көкшетау» және «Еңбек-Қостанай» филиалдарының басшыларын пара алғаны үшін жауаптылыққа тартылуда.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері Астана, Ақмола және Алматы облысы мекемелерінде анықталды.

Пробация саласында да бірқатар кемшіліктер орын алған. Атап айтқанда, жергілікті органдар сотталушыларды қайта әлеуметтендіру жұмысын қажетті деңгейді үйлестірмейді. Сондай-ақ денсаулық сақтау, әділет, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету органдарының арасында өзара ынтымақтастық қамтамасыз етілмеген.

Жауапты лауазымды тұлғалардың баяндамалары мен есептерін тыңдап, талқылау қорытындысы бойынша Бас Прокурор жазаларды орындау жүйесін жетілдіру қажеттілігін атап өтті.

«Негізгі бағыттарды айқындай отырып, кешенді шаралар мен Қылмыстық-атқару жүйесін реформалау стратегиясы қажет. Жазаны атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікте» болу керек. Сотталғандардың қадір-қасиеттерін төмендетпей, колониялардағы режим әдісін түпкілікті өзгерту, сондай-ақ сотталғандарды әлеуметтендіруді үйлестіруде әкімдердің жауапкершілігін артттыру қажет», - деді ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров.