«Цефтриаксон» препаратынан 18 адам көз жұмғаны рас па?

0
481

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.


«Цефтриаксон» препаратынан 18 адам көз жұмғаны рас па?

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады baq.kz.

Препаратты дәріханалардан жаппай ала бастаған екен. Бұл олай емес.

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.


Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

«Цефтриаксон» – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.