Цифрлық Қазақстан: Медұйымдар қағаз шығындарын қысқартудан 700 млн теңге үнемдеді

0
118

50 мемлекеттік қызметтің 28-і электронды форматта көрсетіледі.


Цифрлық Қазақстан: Медұйымдар қағаз шығындарын қысқартудан 700 млн теңге үнемдеді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді, деп жаза ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау саласына цифрландыру жүйесін енгізу арқылы медициналық қызмет көрсетудегі жемқорлық қауіптер азайды және төмендегі әлеуметтік нәтижені берді. Емханаға бару шамамен екі есеге азайды. Дәрігерді күту уақыты да екі есе қысқарды. Қағаз бен рентген пленкасының шығындарын үнемдеу арқылы жылына 700 млн теңге бюджетте қалды. Мұның барлығы - цифрландырудың берген мүмкіндіктері», - деді К. Надыров ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиналыста.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 50 мемлекеттік қызметтің 28-і электронды форматта көрсетіледі. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сонымен бірге, вице-министр жемқорлық қауіптер бойынша Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына сыртқы талдау жүргізілгенін еске салды және жаңадан құрылған министрлік комитетін тексеруді ұсынды.

«Жаңадан құрылған Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетіне жемқорлық қауіптер бойынша талдау жүргізуді ұсынамын. Біз үшін бұл комитетте басынан бастап дұрыс жұмысты қалыптастыру маңызды. Бұл комитеттің халық арасында сапалы медициналық көмек алу құқығын қорғайтын органға айналғанын қалаймыз», - деді Камалжан Надыров.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет