Циндао қаласында Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуеті таныстырылды

0
655

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту Қазақстанның төраға ретіндегі басым бағыттарының бірі болып табылатынын мәлімдеді.


Циндао қаласында Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуеті таныстырылды

"Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының інжу-маржаны" халықаралық көрме орталығында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Хатшылығы және Қытайдың тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі комитеті арасында бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалық етуі шеңберінде ШЫҰ елдерінің көлік-транзиттік әлеуетінің тұсаукесері өтті, деп жазады inbusiness.kz

Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты: мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің және диалог бойынша серіктестердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, ҚР және ҚХР мемлекеттік органдары мен жетекші мекемелердің өкілдері, ШЫҰ елдерінің ірі логистикалық компанияларының басшылары.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін ілгерілету жөніндегі негізгі жобаларды, оның ішінде "Достық-Мойынты" теміржол учаскесінде екінші жолдарды, "Алматы" айналма теміржол желісін, Транскаспий халықаралық көлік бағытын ілгерілетуді және "Аягөз-Тачэн" үшінші трансшекаралық темір жолын салу туралы атап өтті.

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин бейне хабарламаны жолдады. Ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту Қазақстанның төраға ретіндегі басым бағыттарының бірі болып табылатынын мәлімдеді.