Цой неге екі айға жуық брифингтерге шықпағанын айтты

0
567

Министр 13 қазаннан бастап брифингке шықпаған.


Цой неге екі айға жуық брифингтерге шықпағанын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой журналистердің қатысуымен өтетін брифингтерге неге сирек қатысатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Неге сіз 13 қазаннан бастап брифингке шықпадыңыз? Жақында екі ай болады", - деп сұрады журналист Цойдан ОКҚ онлайн-брифингінде.

"Брифинг күтетіндеріңіз үшін көп рақмет. Әрине, олар біз үшін өте маңызды. Біз шешуіміз керек көптеген өткір мәселе бар. Өңірлерге, тікелей ошақтарға көптеген сапар жасадық. Ауруханаларға барып, әріптестерімізбен кездестік, әр өңірде - Маңғыстау облысында, Шығыс Қазақстан облысында іс-шараларды қалай өткізу керегі түсіндірілді. Әріптестерімізбен түрлі іс-шара мен дайындық өткіздік.
Біз орындауға міндетті осындай сәттер өте көп, соның ішінде өңірлік форматтағы жұмыс. Брифингті бүгінге жоспарладық, сіздерді қызықтыратын жағдайларды түсіндіруге дайынбыз", - деп жауап берді Алексей Цой.