Цой Талғарда соққыға жығылған хирургке қатысты пікір білдірді

0
2 085

Министрдің айтуынша, зардап шеккен дәрігерге қазір медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


Цой Талғарда соққыға жығылған хирургке қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Талғар ауруханасындағы дәрігерді ұру фактісі өте ыңғайсыз әрі ерекше бақылауға алуды қажет ететін жайт екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


- Өркениетті қоғамда шиеленісті күштің көмегімен шешуге мүлде жол берілмейді, ал медициналық қызметкерге қол көтеру - қоғамдағы кейбір жекелеген адамдардың адамгершілік құндылықтары мен адами қасиеттердінің жойылып кетіп бара жатқанын білдіретін дабыл қағарлық белгі, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, зардап шеккен дәрігерге қазір медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер - біздің мемлекетіміздің негізін құрайды және елдің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Олар әрдайым қоғам тарапынан үлкен сый-құрметке, ілтипат-қолпашқа ие. Физикалық және эмоционалды шамадан тыс жүктемелерге, күрмеуі қиын мәселеде шешімдер қабылдағанына, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершілік алуға байланысты тұрақты күйзелістері барына қарамастан, олар күн сайын және еш күмәнсіз жұмысқа шығып, ауысымды қабылдап алады. Ал оның орнына, міне кейбірі негізсіз сынға ұшырап, қорланады, - дейді Алексей Цой.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдаймен түбегейлі келіспейді және жарақат алған хирургтың да, елдегі барлық медициналық қызметкерлердің де құқығын қорғауға ниетті.

Бұл үшін Денсаулық сақтау министрлігі біздің барлық дәрігерлердің мәртебесін көтеруге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірледі, - деді министр.

Ол біздің еліміздегі осындай сұмдық жағдай жалпы тарапынан сынға алынып, күнделікті өмірдегі қалыпты жағдай емес, өрескел заңсыздық ретінде бағаланады деп үміт білдірді.
Өткен жексенбіде Талғар орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың ұлы түнгі кезекшілікте болған және науқастарды қабылдаған хирургты ұрып жіберген. Есінен танып қалған дәрігерге бас-ми жарақаты және мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Соқырішекке шалдыққан әйелге басқа хирург ота жасады. Ол қазір қалпына келіп, жазылуын күтуде.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет