Цой: Жағдай қиындай түссе елімізге 4 мыңнан астам тыныс алу аппараты керек

0
446

Осындай көлемдегі аппаратты сатып алған жағдайда елдегі ауруханалар қиын сценарийдің өзіне дайын болады.


Цой: Жағдай қиындай түссе елімізге 4 мыңнан астам тыныс алу аппараты керек

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан өкпені жасанды желдетудің 4 мыңнан астам аппаратын сатып алған жағдайда ең қиын сценарийдің өзіне дайын болады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қазақстандағы инфекциялық стационарлардағы 1553 инфекциялық жансақтау төсек орнында 966 дана стационарлық өкпені жасанды желдету аппараты бар. Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының болжамына сәйкес жалпы елге алдағы уақытта 6 365 жансақтау төсек орнына 4 093 өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алу керек болады», - деді Алексей Цой Үкіметтің отырысында.

Министрдің айтуынша, осындай көлемдегі аппаратты сатып алған жағдайда елдегі ауруханалар қиын сценарийдің өзіне дайын болады.

«Бұл аппараттарды сатып алу шығынын Дүниежүзілік банктің қарызын қайта бөлу жолымен 5,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттердің 4,9 млрд теңгелік ресурсымен, Үкімет резервінің қаражаты арқылы (отанды өндірістегі аппараттарды сатып алу арқылы) жабу ұсынылады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес осы жылдың тамызында өкпені жасанды желдету аппараттарының отандық өндірісі жолға қойылып, олардың 595 дана алғашқы партиясы денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіледі.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет