Түбегейлі жаңа көзқарас қажет - Тоқаев Қазақстандағы білім беру саласы туралы

0
1 637

Президент 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" жеке Заң қабылданғанын айтты.


Түбегейлі жаңа көзқарас қажет - Тоқаев Қазақстандағы білім беру саласы туралы
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға білім беру саласында түбегейлі жаңа тәсілдер қажет екенін айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" жеке Заң қабылданғанын айтты.

"Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. "Болашақ" бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз," - деді Президент.